«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек
14
октябрь
2018

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек

Әрқайсыңыз түсінесіздер: біздің мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына орасан зор күштер мен құралдарды жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайды. Отан мүддесі үшін өскелең ұрпақтардың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөздерінде қазақстандық өскелең ұрпақтардың жағымды жасампаз дүниетанымы қалыптасқан, берік адамгершілік қағидаларды ұстанатын, жауапкершілік сезімі бар, саналы таңдау жасай алатын және Отанымыздың игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты тұлғалар болып тәрбиеленуі тиіс екенін айтудан жалыққан емес.

Ал ата-ананың міндеті неде? Қазіргі заманғы ата-аналар әрқайсысы өз отбасында бала дамуы мен тәрбиесі үшін оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімермен және мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс.

Бала мүддесіне немқұрайлылық атмосферасы орнаған отбасыларда, ата-ана балаларын белсенді, жауапкершілікпен тәрбиелеуден қашқақтайтын отбасыларда балалардың оқуда, мұғалімдерімен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиналатынын бәріміз білеміз. Ата-ана неқұрайлылығы немесе ата-ана озбырлығының қысымында болатын бала екіжүзді, және оның қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласады. Сонымен бір мезгілде оның өз абырой сезімі мәңгілікке жоғалады.

Жасөспірімдік жаста бұл девианттық мінез-құлықтың көптеген формаларына әкеп соғады – жасөспірімдер шылым шеге бастайды, бейпіл ауыз болады, өз міндеттерін елемейді, кейде тіпті алкоголь мен есірткі тұтынады немесе шынайы өмірден компьютерлік ойындардың, әлеуметтік желідегі қарым-қатынастардың виртуалды әлеміне кетеді. Отбасында қолдау мен түсіністік болмағандықтан, жасөспірімдер теле- және интернет-тәуелділік, нашақорлық, ойынқұмарлық, дүниеқоңыздық секілді қазіргі әлемнің көптеген жағымсыз азғырындыларына оңай еріп кетеді, эмоционалдық тұрғыда салқын болады.

Ал егер отбасы сүйіспеншілікте, сыйластықта және өзара түсіністікте, мейірімділікте және тілекстестікте өмір сүрсе, онда балада дұрыс өзін-өзі бағалау қалыптасады, ол өзіне сенімді, оның жақсы оқуға деген ынтасы бар; ол сыныптастарымен достасқысы келеді және дос болады; педагогтарға сыйластықпен қарайды. Есейгенде ол алдына жоғары мақсаттар қояды және мақсатты түрде оларға қол жеткізеді.