18
январь
2024
«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» атты 8-11 сынып ұлдарымен семинар-тренинг
18.01.2024 жылы №17 орта мектебінде мектеп менторы Колбаева Жадыра Нурдаулетовна ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» атты 8-11 сынып ұлдарымен семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, еліміздің бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. Семинар- тренинг барысында “Бес саусақ” сәлемдесу жаттығуы, “Балама қандай жылулық беремін” жаттығуы, “Ішіндегіні тап” ойындары ойнатылды.
#zhetysu_bilim_baskarmasy
#zhetysu_bilim
#goronotald_
#goroo_tdk





#zhetysu_bilim_baskarmasy
#zhetysu_bilim
#goronotald_
#goroo_tdk




