04
сентябрь
2025
«Адал азамат»
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында түсіндірме жұмысы өткізілді
2025 жылдың 26 тамыз күні Жетісу облысы, Талдықорған қаласы №17 орта мектебінде-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Джайсембаева мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп, оның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.
Жиында тәрбие жұмысының басты басымдықтары ретінде құндылықтық бағдарды қалыптастыру, ұлттық тәрбиені нығайту, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, әділдікке, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бағдарламада көрсетілген әрбір бағыт нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, тәрбие беру үдерісінде мұғалімдердің, ата-аналардың және қоғамның рөлі айрықша атап өтілді.
Кездесу соңында педагогикалық ұжым мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмыстарын үйлесімді әрі жүйелі түрде жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.