«Мектебім, саған мың алғыс!»
Бүгін мектебімізде ерекше ықылас пен алғысқа толы «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ұстаздар мен мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға және оқушыларға алғыс айтып, жас ұрпақты ризашылық пен құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, білім мен тәрбие берудегі мектептің рөлін айшықтап, ұстаз еңбегінің маңызын дәріптеу. @zhetysu_bilim @jetisu_akimdigi