28
май
2025
«Цифрлы қоғам»
«Цифрлы қоғам» жобасы аясында «Кибер Тұмар» атты шара Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.
Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға киберқауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау тәсілдері мен онлайн қауіптерден сақтану бойынша пайдалы ақпарат ұсынылды.
