Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына! » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
12
май
2025

Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

🔰 «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9, 11 сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады!

✅Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

✅Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

⚜️Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

✅Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

✅Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата- аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.

⚜️Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.

❗️Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11 сынып оқушылары мен ата- аналарына бірдей дәрежеде қатысты.

✅Соңғы қоңырау шәкірттің үлкен өмірге қадам басу алдындағы маңызды рухани сәт, сондықтан оның мазмұнды әрі тәртіпті өтуі бәрімізге ортақ жауапкершілік!

⚜️Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.

⚜️Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
Кез келген сұрақтарыңыз туындаса, сіздермен ашық диалог орнатуға дайынбыз!

⚜️Құрметпен, мектеп директоры Акшолакова Рахиля Молдағалиқызы