«Туған тілім - тұғырым» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
13
сентябрь
2024

«Туған тілім - тұғырым»

024 жылдың 13 қыркүйегі күні сағат 11.30 да «Туған тілім - тұғырым» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 2-4 сынып оқушылары қатысып, шара мәнерлеп оқу сайысы түрінде өткізілді. Мектептің акт залы арнайы безендірілді.
Бастауыш сынып оқушылары алдын ала әр сынып үш тілде яғни қазақ,орыс тілдерінде ақындардың өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа жаттап дайындалды.
Сайыс барысын әділқазылар алқасы бақылап, жүлделі орындарды орынды бөле білді. / Г.Н.Джайсембаева, М.Д.Дауирова, Н.Альманбетова ./
Сайыстың шымылдығын жүршізушілер үш тілде ашты. 4 “В” сынып оқушылары әр түрлі ұлт өкілдерінің тілдерімен сәлемдесті. Сайыста 4 “Ә” сынып оқушылары “Майкл Джексон” биін орындап мереке көркін келтіре түсті. Сонымен қатар, сайыс барысында көрермендермен“Полиглот” ойын ойнатылды. «Мақалды аяқта» Мақалдар қазақ,орыс тілдерінде берілді.
Әділқазы шешімі бойынша: 2 “В” сынып оқушысы Гаджиева А. бас жүлде, 3 “Б” сынып оқушысы Абыламет Сабира бірінші орындарды иеленді. Басқа оқушылар 2,3 орындарды бөлісіп, қалғаны белсенді ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қорыта айтқанда, мерекелік іс шара өте жоғары деңгейде өтті. Өткізілген орын тақырыпқа сай әрленген, қатысушылар жақсы дайындығымен,киім киісімен көзге түссе, көрермен оқушылар тәртіпті сақтап, көрермендермен өткізілген ойынға белсене ат салысты.Мерекелік шара алға қойған мақсаттарына жетті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Букеева Г.А., Муканова А.Б.
толық ақпаратты сілтеме бойынша көріңіз​​​