14
июнь
2025
«Заң мен тәртіп»
«Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген стратегиялық бағдар еліміздің мемлекеттік саясатының өзегіне айналып, қоғам дамуының басты бағытын айқындап отыр. Бұл – адам құқы мен бостандығын әділетті қорғауға кепілдік беретін, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жүйе. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асырудағы қадамдар, прокуратураның рөлі және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы Бас прокурор Берік АСЫЛОВ кеңінен айтып берді.
– Берік Ноғайұлы, «Заң мен тәртіп» ұғымы шын мәнінде халықтың сенімін арттырудың жаңа жүйесі деп ойлайсыз ба? Прокуратураның тек құқықтық емес, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлі қандай?
– «Заң мен тәртіп» – Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық – ізгілік пен әділеттілік өнері» деген сөздің терең мағынасына мән беріп, «Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет екенін» ерекше атап өтті. Меніңше, бұл идеологиялық тұжырым – қоғамдық асыл мұраттарды, әсіресе мәдени, адамгершілік, отбасылық, рухани және діни құндылықтарды, сондай-ақ еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу, меншік пен кәсіпкерлік бостандығы сияқты конституциялық кепілдіктерді сақтау қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар табиғатқа және қоршаған ортаға деген қамқорлық та осы қатарда тұруға тиіс. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – жай ғана құқықтық ұғымдар емес, қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, елдің гүлденуіне бастайтын өмірлік бағдарлар.