УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
14
ноябрь
2025

УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік (тұрақты),
2. Педагог-дефектолог-1 бірлік (уақытша),
3. Педагог-психолог-1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты),
4. Математика пәнінің мұғалімі-1 бірлік (оқыту тілі-қазақ, орыс тілі; уақытша),
5. Тарих пәнінің мұғалімі-1 бірлік (оқыту тілі-қазақ, орыс тілі; уақытша),
6. Бастауыш сынып мұғалімі -1 бірлік (оқыту тілі-орыс тілі, уақытша).
Конкурс: ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
27.11.2025 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
18.11.2025-26.11.2025 жыл
Қажетті құжаттарды қабылдау ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығына 113-тармағына сәйкес “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Функционалдық міндеттері: 
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
✓ оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
✓ мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
Біліктілікке қойылатын талап:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы не “педагог – сарапшы” біліктілігінің болуы немесе “педагог – зерттеуші”.