#Cайлауғабарамын #Жетісусайлау » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
19
март
2023

#Cайлауғабарамын #Жетісусайлау

Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары калмай өз дауысын берді. Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі. «Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндет. Еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бейжай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін», - деді қарт анамыз.