«Аңыз- Адам - Бейсен Құранбек» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
13
апрель
2023

«Аңыз- Адам - Бейсен Құранбек»

17 орта мектебінде 13 сәуір күні  10 «А»,10 «Ә», 10 «Б» сыныптарының арасында                                 
«Аңыз- Адам  - Бейсен Құранбек» жобасы аясында 
«Қойын дәптердегі құнды сөздер » тақырыбында сынып сағатын өткізді.Ұйымдастырушылар Сынып жетекшілері: Найзабаева  М.Р. Ормашева Д.Ж. Мамырбаева А.А
Оқушылар Мерекелік іс-шарада журналисттің қанатты сөздерін оқып, жүрек тебірентер өнегелі сөздерін көрермендер мен оқушылардың жүрегіне жеткізе білді.
Бейсен Құранбектің  өмірден өтер алдында айтқан сөздері оқушыларға ерекше әсер етті. Оның әрбір сөзі өнегеге толы, құнды екеніне оқушылар көз жеткізді.
Бейсен Құранбектің «Жеті ата» туралы айтқан философияға толы, өмірлік тәжірибесінен түйген ақыл -нақылдары айтылды. Журналисттің өмір және мансап жолындағы жетістіктерімен таныстыру мақсатында бейнематериалдар көрсетіліп, презентация қорғалды.
Мақсаты:
1.Оқушыларды  Бейсен Құранбектің қанатты сөздерімен таныстыру.
2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.
3. Бейсен Құранбектің  құнды сөздері, қанатты сөздері арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.Оқушыларды  журналистика өнеріне, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. #zhetysu_bilim_baskarmasy