05
май
2023
«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында көрме
Мектеп кітапханасында 7 мамыр Ұлы Отан қорғаушы күніне орай «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Аңызға айналған Отан қорғаушылардың үлгілі ерліктерін кейінгі ұрпаққа өнеге ету. Оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы туралы жазылған басылымдар мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау.
Кітап көрмесіне: «Ақиқат пен аңыз» Б. Момышұлы; « Москва үшін шайқас» Б. Момышұлы; « Каһарлы күндер» Т. Ахтанов; «Заман біздікі» Б. Бұлқышев; «Қазақ жауынгер Ұлы Отан соғысы»; « Айтылмаған ақиқат»; «Арпалыс» Б. Момышұлы; «Ұшқан ұя» Б.Момышұлы. кітаптары қойылып оқушыларға насихатталды. Ұлы Отан соғысы туралы суреттер мен буклеттер қойылды.



