БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС!!! » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
05
январь
2024

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС!!!

1) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік (тұрақты),
2) Тарих пәнінің мұғалімі-1 бірлік (уақытша, орыс сыныптарына),
3) Математика пәнінің мұғалімі-1 бірлік (уақытша, қазақ сыныптарына).
  Конкурс: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
24.01.2024 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
08.01-16.01.2024 жыл
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» Управления образования Кызылординской области , тел:
8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru.
Қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының 118-тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері:
1. Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
2. Өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша “педагог – сарапшы” немесе “педагог – зерттеуші” немесе “педагог – мастер” санатының болуы;
     Математика және тарих пәнінің мұғалімі
Функционалдық міндеттері:
1. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, соңғы 3 жылдан жоғары үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілінің болуы және педагог-модератор санатынан жоғары санатының болуы.
 Еңбекақы төлеу мөлшері:
Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес