09
февраль
2024
«Поэзиямен өмірін көктем еткен» атты поэзия кеші
9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні оқырман үшін тұрақты мереке. Осы айтулы мерекеге орай мектеп №17 орта мектебінде «Поэзиямен өмірін көктем еткен» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын М.Мақатаевтың мұрасы мен маржан поэзиясын жас ұрпақтың бойына сіңіру, оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, ана-тілінің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Кеште мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, «Ару-ана» поэмасының желісі бойынша көрініс қойып, ақын сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады. Сондай-ақ 8-сынып оқушыларының орындауындағы «Еркесылқым» күйі де көпшіліктің көңілінен шықты.
Кеш қонақтары: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары: С.Қ.Қожағұлов пен Гүлім Төлеуқызы.



