08
февраль
2024
«Ыбырай Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің көзі» атты сайыс
«Тіл мен әдебиет – ұлттық құндылықтар бастауы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында 5ә және 6а-сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Г.Қ.Суанбаева мен Ж.С.Бакирбаеваның ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің көзі» атты сайыс сабағы өтілді. Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту. Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулу.


