12
апрель
2024
«Дарын» ғылыми жоба жарыстарының нәтижесі
2024 жылдың 12 сәуір күні Жетісу облысының дарынды оқушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтілді. Осы іс-шара барысында «Дарын» ғылыми жоба жарыстарына қатынасқан 17 орта мектептің төмендегі оқушылары да жүлделі дипломдармен марапатталды.
11ә-сынып оқушысы Амантай Жанетта «Тіл білімі» секциясы бойынша облыстық кезеңінің ІІ орын жүлдегері, республикалық кезеңінің ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: Суанбаева Гульжазира Кидиркожановна.
10ә-сынып оқушылары Ерғали Ерила мен Даниярқызы Рахат «Қолданбалы математика» секциясы бойынша облыстық кезеңінің ІІІ диплом жүлдегері атанды. Жетекшісі: Буланова Асем Даданбековна.
Сондай-ақ ғылыми жобалар жарысында орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар берілді, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері Амантай Жанеттаға түрлі-түсті теледидар табысталды.

