15
апрель
2024
Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазір Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатқанын атап өтіп, бұл құжат ғылымның дамуына зор серпін беретініне сенім білдірді.