08
февраль
2025
7Ә сыныбында алгебра пәнінен «Лессон стади» зерттеу сабағы өтті
7Ә сыныбында алгебра пәнінен «Лессон стади» зерттеу сабағы өтті. Пән мұғалімі: Әубәкірова А.Б. Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру». Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білді. Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау, жіктеу тапсырмаларын жұптық және жеке түрде жасады. Мұғалім тапсырмаларды өмірмен байланыстыра, оқушының жас ерекшеліктеріне сай жасаған. Сыныптың зерттеу тақырыбына орай мұғалім оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының зейінін шоғырландыруды басты назарда ұстады. Зерттеу сабақтарының жоспарлы түрде жүйелі жүргізілуі оқушылардың білім сапасының көтерілуіне оң ықпал етеді.