12
сентябрь
2022
Мәңгілік ел мұраты
"Тілдер мерекесі" мен "Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдық" мерейтойына орай мектепте "Мәңгілік ел" мұраты тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында таныстыру жұмысы жүргізілді.Мектеп кітапханашылары оқушыларды ақын өмірбаянымен,шығармашылығымен таныстырды.Оқушылар көрменің жанында ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.Ұлт ұстазының еңбегін зерттеу,шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру жалғасын табады.Онкүндік шараның жоспарына сай атаулы мерекеге арналған "Біз-бір шаңырақ баласымыз!" тақырыбында қолөнер көрмесі де қойылды.Көрмеге оқушылардың дайындаған қолөнер жұмыстары ұсынылды.



