02
ноябрь
2022
Шебер мұғалім-саналы ұрпаққа негіз
2022 жылдың 2 қарашасында №17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп тренері-Г.Қ.Суанбаева жас мамандар мен гуманитарлық пәндердің мұғалімдеріне «Қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімділігі мен артықшылығы» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты – жас мамандарға қысқа мерзімді жоспар құру алгоритмін үйрету, оқу мақсатына сай тапсырмалар әзірлеудің жолдарын көрсету.




