2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
12
июнь
2019

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші

      Мектепте 2019 жылдың 12 маусымында сағат 18.00-де «Болашақ жастардікі» атты мектеп бітіру кеші басталды. Мектеп ауласы түлектердің ата-аналарының көмегімен талапқа сай безендірілді. 2 бөлімнен тұратын кештің жоспары қамқоршылық кеңеспен келісіліп, бекітілді.

     Кеште мектеп бітіруші 34 түлекті мектеп директоры Р.Н.Керейбаева құттықтап, мектеп бітіру аттестаттары мен «Алтын белгі» тапсырылды. Ал түлектер, ата-аналар өздерінің алтын ұя мектебіне, ұстаздарға деген алғыстарын, лебіздерін білдіріп ән-жырларын арнаса, облыстық білім басқармасынан Д.Т.Оңбырбаева, қалалық білім бөлімінен А.Т.Мамырбаева, қамқоршылық кеңес мүшесі Н.В.Ефремова келген қонақтар мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі.

    Кештің екінші бөлімінде түлектер мен қонақтар, ата-аналар арасында ұйымдастырылған түрлі қызықты ойындар, кароке, би кешіне ұласты.

    Мектеп түлектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мерекеде   және ҚІІБ өкілдері тарапынан кезекшілік құрылды, түнгі 24.00-ге дейін қамқоршылық кеңес мүшелерімен қауіпсіздік шараларын жүргізді.

Кеш өткізілген жерге өрт қауіпсіздік талаптары ілініп, нұсқама берілді. Оқушылардың ата-аналарынан қауіпсіздік ережелері таныстырылып, қол хат алынды. Кеш өз деңгейінде, ешбір тәртіп бұзушылық болмай өттілді.

 

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші

 

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші

 

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші

 

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші

 

2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші