«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
21
январь
2021

«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»

2021 жылдың қаңтар айының 20-шы жұлдызында 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кездесу жүргізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Ерте жүктілік пен жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Жиналысты мектеп медбикесі бастады. Қыз балардың жеке гигиенасы мен жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында дәріс оқып, слайд көрсетті.Оқушылар сұрақтарына жауап берді. Келесі сөзді мектеп психологы алып жасөспірімдік шақтағы болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндірді. Қыз баланың бойындағы мінез-құлқын тәрбиелеу, оларды нәзіктікке, сұлулыққа баулу, отбасындағы алатын орнын, қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстырып психологиялық кеңестер берді. Сонымен қатар оқушылар бейне жазбалар көріп,кері байланыс жасап, сұрақтарына жауап алды.
[center]«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»
«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі»