01
март
2021
алғыс айту
2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша халқымыз жыл сайын дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күн — тілі, діні басқа болса да өзгені өзегінен теппей бауырға басқан қонақжай халқымыздың дархан көңілін, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған сәтті айшықтайтын күн. Мереке қарсаңында мектебімізде түрлі іс-шаралар жүзеге асты ашық сабақ, тәрбие сағаты, сурет салу, эссе жазу, сыныптар арасында челледж ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралардың басты мақсаты оқушыларға аталмыш мейрамның мән-маңызы жөнінде түсінік беру, ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, ізгілікке тәрбиелеу.


