30
сентябрь
2025
Кітапханаға саяхат
2025 жылдың 25 қыркүйек күні №17 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына, мектеп кітапханасына саяхат жасалды. Іс-шара барысында оқушылар кітапханаға алғаш рет ұжымдық түрде барып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысты.
Мақсаты:
Школьникам кітапхана әлемі жайында түсінік беру, кітапхана жұмысының қыр-сырын таныстыру;
білімнің қайнар көзі – кітап екенін ұғындыру;
балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
кітапты қастерлеуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;
Кітапханашы Альманбетова Н.С балаларға кітапхананың , оқу залын, балалар әдебиеті қоры туралы толық мағлұмат берді.
Бұл саяхат жас оқырмандардың кітапқа деген құрметін оятып қана қоймай, олардың рухани байлығын арттырды. Іс-шара соңында кітапханашы балаларды кітаппен дос болуға, әрдайым ізденіп оқуға шақырды.
