Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы
2022-2023 оқу жылының қаңтар айында мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын және асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы мен асхана жұмысшыларының қызмет көрсету сапасы, мектеп оқушыларының күнделікті ыстық тамақпен қамтылу жағдайлары және ас мәзірінің сапалық құрамы, жалпы гигиеналық-санитариялық талаптардың орындалуы тексерілді.
Тексеру кезінде төмендегідей жағдайлар анықталды:
- мектептегі асхана жұмысы буфеттік қызметті және ыстық тамақты тұрақты түрде ұйымдастырып отырады;
- мектеп бойынша 2023 жылдың қаңтар айына жалпы білім беру қорынан 199 оқушы , 65 оқушы жеке кәсіпкер Р.К.Абиева тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектеп асханасы мен ас блогына күнделікті ас мәзірі бойынша дайындалған тағамдар мен ұсынылатын өнімдер сертификаттарының сәйкестігіне айына 1 рет тексеру жүргізіліп тұрады. Сақтау шарттары мен мерзімдері, жеке гигиенаны бақылау және қажетті тексерулерден уақтылы өтуді мектеп медбикесі М.Жарманова бақылап отырады.
Күн сайын тамақтану залында ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі. Дайын өнімнің сапасына және тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау жүйелі түрде жүргізіледі.


