Мектептік тамақтандыру
№ 17 орта мектебінде айына бір рет бракераж комиссиясы тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдерін, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуін тексеріліп отырады.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Ақысыз ыстық тамақпен 264 оқушы қамтылған: 199-ЖББ қорынан, 65- арендатор есебінен. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен













