Нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" Управления образования Кызылординской области "
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7282)25-34-97
Бухгалтерия
+7(7282)25-34-97
Версия для
слабовидящих
26
июнь
2025

Нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция

🔹Жетісуда нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция өтті
Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, Жетісу облыстық Полиция департаменті мен облыстық Прокуратураның ұйымдастыруымен Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда «Біз есірткіге қарсымыз» атты облыстық акция өтті. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды.
Акция аясында «Есірткісіз әлем» атты бишілер байқауы және «Ән қанатында» атты әншілер байқауы ұйымдастырылды. Бишілер сайысына 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер, ал ән байқауына 15-30 жас аралығындағы жас орындаушылар қатысты.
🎤«Ән қанатында» байқауы жеңімпаздары: • 1 орын – Данель Мырзабеков • 2 орын – Бексұлтан Бегайдаров • 3 орын – Ақниет Сейфуллақызы
💃🏻«Есірткісіз әлем» бишілер байқауы жүлдегерлері: • 1 орын – «Алтын дән» халықтық ән-би ансамблі • 2 орын – Өтенай ауылдық мәдениет үйінің би тобы • 3 орын – Аяулым Бауыржан
Байқау жеңімпаздарына Жетісу облысы Полиция департаментінің атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар бұл шара жастарды салауатты өмірге үндейтін маңызды қадам екенін атап өтті.  &тәртіп &порядок