“№17 ОМ” КММ Мектептің электронды почтасына мектепке жарылғыш зат
“№17 ОМ” КММ Мектептің электронды почтасына мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түсті. Сирена берілген уақытта алгоритм бойынша мектептегі 1 ауысымда оқитын -459 оқушы, 110 персонал толығымен мектептің ауласынан 700 м қашықтықтағыалаңға шығарылды. Мектепке ТЖ, ІІБ, ҰҚК және жедел жәрдем қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта мектептің іші саперлер арқылы тексерілуде. Жағдай тұрақты, зардап шеккен адамдар жоқ. Барлық тексеру жұмысы аяқталып, оқушылар сабаққа кіргізілді.