24
май
2022
Бастауышпен қоштасу
Мамырдың 20-сы күні 4- сынып оқушыларының "Бастауышпен қоштасу" атты дәстүрлі кеш өтті. Кешке мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Кеште оқушылар ән айтып, би билеп,өз өнерлерін көрсетті. Ұлдардың қойылымында тәрбиелік мәні зор мағыналы көрініс қойылды. Қыздар қазақша, өзбекше би биледі. Көрермендерге концерттік бағдарлама өте қатты ұнады. Ата-аналар алғыстарын білдірді. Оқушылардың бастауышта алған білімдерін сынау барысында жүргізілген интеллектуалды сайыс кештің мағынасын аша түсті. Орта буынға өткелі отырған шәкірттерге ак жол тілейміз!





