«Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2025

«Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»

22 қыркүйек күні Талдықорған қаласындағы №17 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқан Камшат Айдарханқызы мен әдеп құқық жұмысы жөніндегі менторы Чежимбаева Эльмира Танжарыққызы және жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенант Абдыканов Асет Алдабергенович пен аға лейтенант Мужукова Меруерт Жумабековна шақырылып 8-11 сынып ұлдары мен қыздары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллинг», «Кибербуллинг»  бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 300 оқушының қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, қоғам алдындағы жауапкершілік, өз әрекеттеріне есеп беру қажеттілігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары туралы нақты мысалдар келтіріліп, жасөспірімдердің саналы азамат болып өсуіне ықпал ететін тағылымды ойлар айтылды.
Бұл шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында заңға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру, жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және қоғамда адал, әділетті өмір сүруге тәрбиелеу.
   
cілтеме бойынша өтіңіз​​​