04
декабрь
2025
УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
1. Педагог-дефектолог-1 бірлік (уақытша),
2. Педагог-психолог-1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты),
3. Әлеуметтік педагог-1 бірлік (тұрақты),
4. Педагог ұйымдастырушы-1 бірлік (тұрақты),
5. Математика пәнінің мұғалімі-1,5 бірлік (оқыту тілі-қазақ, орыс тілі; уақытша).
Конкурс: ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
15.12.2025 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
03.12.2025-12.12.2025 жыл
Қажетті құжаттарды қабылдау ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығына 113-тармағына сәйкес “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Функционалдық міндеттері:
Педагог-дефектолог
✓ Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талап:
“Арнайы білім” бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
Педагог-психолог
✓ Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талап:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім “Педагогика және психология”, “Әлеуметтік ғылымдар” (“Психология” білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Әлеуметтік педагог
Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
