08
декабрь
2025
Бос лауазымдарға конкурс
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік (тұрақты).
Конкурс: ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
22.12.2025 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
09.12.2025-19.12.2025 жыл
Қажетті құжаттарды қабылдау ҚР ОАМ 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығына 113-тармағына сәйкес “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Функционалдық міндеттері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
✓ тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
✓ тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
✓ аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
✓ тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Біліктілікке қойылатын талап:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының 59-тармағына сәйкес тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаттың болуы. Педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес
Еңбекақы төлеу мөлшері:
Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес
