05
декабрь
2025
Міржақып Дулатұлының 140 жыл мерейтойына орай әдеби-сазды кеш
2025 жылдың 3 желтоқсан күні мектеп кітапханашылары Н. Алманбетова және
С. Жолдасбаеваның ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, Алаш қайраткері, көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының 140 жыл мерейтойына орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға 9–11 сынып оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты өлеңдер оқып, мәнерлеп оқу, ән орындау және шағын көріністер арқылы туындыларын көпшілікке таныстырды.
Кештің мақсаты – оқушыларға М. Дулатұлының рухани мұрасын насихаттау, шығармаларының мәнін түсіндіру және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
