22
октябрь
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан — Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылдың 22 қазаны күні жоспар аясында қазақ тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 8–11 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз шығармалары арқылы ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін көрсетті. Нәтижесінде үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаздар марапатталды.
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Республика күні мен Мемлекеттік егемендік декларациясының тарихи маңызын терең түсіндіру, отансүйгіштікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.