26
ноябрь
2025
"Адал азамат"
2025жылдың 24 қараша күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 «А» сыныбының жетекшісі А. А. Әшімова «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіптілікке, өзін-өзі бақылауға үйрету мақсатында түрлі тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтары өтіп, оқушыларға өмір қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері мен төтенше жағдайдағы әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында қазақтың ұлт ұстазы, ағартушы-жазушы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына байланысты танымдық бөлім ұйымдастырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер берілді.
cілтеме бойынша өтіңіз