20
октябрь
2025
«Күзгі асар» көрмесі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 15 қазан күні 4–8-сынып оқушыларының қатысуымен мектепте дәстүрлі «Күзгі асар» көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде табиғи материалдар — көкөніс пен жеміс-жидектер, ағаш бұтақтары мен жапырақтар, жаңғақтар және табиғаттың өзге де сыйларынан жасалған ерекше туындылар қойылды.
Оқушылардың қиялы мен шеберлігі үйлесім тапқан бұл көрме эстетикалық талғамды, еңбексүйгіштікті және шығармашылық қабілетті дамытудың жарқын үлгісі болды.
cілтеме бойынша өтіңіз