: «Коучинг – сапалы кәсіби қарым-қатынастың негізі» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2022

: «Коучинг – сапалы кәсіби қарым-қатынастың негізі»

2022 жылдың 24 ақпанында Талдықорған қаласының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы №17 орта мектеп пен №14 орта мектеп-гимназиясы бірлесіп,
«Ұлағат» желілік қауымдастығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.
Семинардың тақырыбы: «Коучинг – сапалы кәсіби қарым-қатынастың негізі»
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту және арттыру бойынша жұмыстарды талқылау, тәжірибе алмасу.
Семинарға Талдықорған қаласының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері - Тасжурекова Айгүл Тлеуқызы, қаланың 6 мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,өзара тәжірибе алмасты. Семинарда №17 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Г.Алчамбаева , А.Асанова "Развитие и повышение познавательных способностей младших школьников, помогать учащимся активно и сознательно приобретать знания» тақырыбында, №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.Торғаева , А.Жолжақсынова ««Бастауыш сыныптарда оқу мақсаттарына бағытталған БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында коучингтер өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолданылуы тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттері практикалық іс-әрекет, түрлі кеңейтілген, құзырлылық, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамитындығын көрсетті. Әріптестер арасындағы тәжірибе алмасу «кері байланыс-сапалы білім кілті» кезеңімен қорытындыланды.