БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2024

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
1) Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік (тұрақты);
2) Педагог-психолог-1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты);
3) Математика пәнінің мұғалімі-1 бірлік (оқыту тілі-орыс, уақытша).
  Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
28.11.2024 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
19.11-27.11.2024 жыл
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел:
8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru.
Қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығының 154-тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Функционалдық міндеттері: 
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
✓ Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
Педагог-психолог
✓ Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Пән мұғалімі
✓ Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
     тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша “педагог – сарапшы” санатының болуы.
Еңбекақы төлеу мөлшері:
Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес