05
январь
2025
5-6 сыныптар арасында “Көңілді сөре”
Талдықорған қаласы әкімінің және Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5 қаңтарында №17 орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 5-6 сыныптар арасында “Көңілді сөре” қысқы эстафеталық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу облысы дене тәрбиесі спорт, алғашқы әскери дайындығы және ҚББ білім берудегі, “Ғылыми тәжірибелік орталығының бұқаралық спорт бөлімінің” аға әдіскері А.А.Тайжахметова және Ғылыми тәжірибелік орталығының бұқаралық спорт бөлімінің оқу әдістемелік бөлімінің аға әдіскері Г.Т.Алиаскарова қатысып мектеп директоры Р.М Акшолакова сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Жеңімпаздар жүлделі медальдармен, грамота және сыйлықтармен марапатталды. @birtutas_tarbie2024 @zhetysu_bilim
Cілтеме бойынша өтіңіз!
Cілтеме бойынша өтіңіз!