Жетісуда «J-LEAGUE» жобасы аясында «Шұбар доп» пен «Алтын доп» турнирлерінің ақтық кезеңі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июнь
2025

Жетісуда «J-LEAGUE» жобасы аясында «Шұбар доп» пен «Алтын доп» турнирлерінің ақтық кезеңі

Жетісуда «J-LEAGUE» жобасы аясында «Шұбар доп» пен «Алтын доп» турнирлерінің ақтық кезеңі басталды
🏐Жетісу облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған «J-LEAGUE» жобасы аясында жасөспірімдер арасындағы волейболдан «Шұбар доп» және баскетболдан «Алтын доп» жарыстарының ақтық кезеңі басталды.
🏆Аталған жобаның іріктеу кезеңдеріне облыс бойынша 887 команда, яғни 8870 бала қатысқан болатын. Соның ішінен 600-ге жуық үздік жас спортшы ақтық сынға жолдама алып, бүгінде шешуші кезеңде бақ сынауда.
🏐Жарыстар үш жас санаты бойынша өтуде. Финал нәтижесінде жеңімпаз атанған 9 команданың ойыншыларына 90 балаға жазғы демалыс лагеріне тегін жолдама, сондай-ақ арнайы спорттық киімдер мен волейбол және баскетбол доптары сыйға тартылады.