БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2022

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС 


UMKC Resources for Supervisors | Human Resources
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі бос орынға конкурс жүргізілетінін хабарлайды:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (уақытша орын)-1


Конкурс: ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өтеді.

Конкурс кезеңдері:

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
  2. конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
  3.  кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
  4. конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

Конкурстың өткізілетін күні: 

22.09.2022ж


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні


Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 17, «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 8 (7282) 25-34-97, э/пошта: 

tdk-sh17@mail.ru


Қажетті құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады):

      Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Функционалдық міндеттері:

  1. Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
  2. Педагог-ұйымдастырушының, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  3. өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
  4. Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
  5. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
  6. Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
  7. Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.
  8. Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
  9. "Құндылықтарға негізделген білім" -мектеп тұжырымдамасын әзірлейді. Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.
  10. Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді. "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" атты қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.
  11. Рухани-адамгершілік біліммен қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімін алмастырады.
  12. Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
  13. Педагогикалық еңбек ветеранымен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.
  14. Дебаттық қозғалысты дамытады.


Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және педагогикалық еңбек өтілі  3 жылдан кем емес, қажетілікке байланысты әкімшілік қызметте еңбек өтілі болуы қажет.


Еңбекақы төлеу мөлшері: 

Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес