04
ноябрь
2022
Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастыру
4 қарашада мектебімізде «Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұйымдастыру» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізілді. Коучингті директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары- Г.Оспанжанова өткізді. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын табу мақсатында өткен коучингте мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындады. Талантты және дарынды балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген білім беру ортасын құру тақырыбында өткен коучингте мұғалімдері өз пікірлерін білдірді.