«Отанымыздың жүрегі – Тәуелсіздік» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2022

«Отанымыздың жүрегі – Тәуелсіздік»

14.12.2022 жылы 7 «А» сынып жетекшісі Г.Қ.Суанбаеваның ұйымдастыруымен  «Отанымыздың жүрегі – Тәуелсіздік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты  өтілді.  
Мақсаты: Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсініп, оны бағалай білуге үйрету, оқушылардың бойына отансүйгіштік, елжандылық т.б. қасиеттерді қалыптастыру, ел тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін үлгі ету.
Оқушыларға Тәуелсіздіктің бастауы – Желтоқсан оқиғасы  жайлы  шағын бейнеролик көрсетілді, желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. 7 «А» сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жырдан шашу шашты. Сыныптағы таланты оқушы Расулова Сабина Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арнап салған «Тәуелсіздік таңы» атты картинасын ұсынды. Өнерлі оқушылар Қуанышқызы Айымның «Нәр ағашы» күйі, Галымова Асмирдің «Қазағым» әні және Қуанышқызы Айым мен Мақсатқызы Алинаның «Ұлытау» биі көпшіліктің көңілінен шықты.



Похожие публикации:

13 декабрь 2019 Тәуелсіздік
13 декабрь 2019 Тәуелсіздік