БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2023

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС 


  1. Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік, 
  2. бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныбына, уақытша)-1 бірлік, 
  3. мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі (орыс сыныбына, уақытша)- 1 бірлік, 
  4. педагог-психолог (оқыту тілі –орыс тілі) -1 бірлік


Конкурс"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өтеді

Конкурстың өткізілетін күні: 

27.01.2023 жыл

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:

18.01.2023-26.01.2023 ж

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 

8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru

Қажетті құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады):

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

І. Функционалдық міндеттері:

Әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

Мектептегі білім мазмұнын айқындау және әдістемелік, бағдарламалық, дидактикалық қамтамасыз ету, педагогикалық ұжым жұмысына әдістемелік – ғылыми тұрғыдан жетекшілік ету, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарына жауап береді.

Пән мұғалімі

Білім алушылардың жан-жақты дамуын ынталандыру, білім алуышлардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, ата-аналармен (басқа да заңды өкілдермен) өзара байланыс орнату және оларды оқу мен тәрбие процесіне тарту.

Педагог-психолог

Білім алушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

      Жоғары педагогикалық білімі (қазақ тілі мұғалмі), жұмыс өтілі әдіскер ретінде 3 жылдан жоғары, «Үйлестіруші», «Көшбасшы» сертификаттарының болуы, 

Пән мұғалімі, педагог-психолог

Жоғары педагогикалық білімі, жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Еңбекақы төлеу мөлшері: 

Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес