«Ерлік-ұрпаққа мұра» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2023

«Ерлік-ұрпаққа мұра»

2023 жылдың 7 ақпан күні 10ә,10б оқушылары мен АӘД мұғалімі Е.Б.Ақбаевтың ұйымдастыруымен «Ерлік-ұрпаққа мұра» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Ауған ардагерлерін ұлықтап, оларды 34 жылдық мерей тойларымен құттықтау. Жастарға патриоттық тəрбие беру. Ауған соғысында ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің ерлігін паш ету арқылы өскелең ұрпақты келешекте жаужүрек батыр болуға, ел қорғаны болуға үндеп, отансүйгіштікке тəрбиелеу. Батырлықты, төзімділік пен шыдамдылықты, жауапкершілік пен адамгершілікті насихаттау.
Оқушылар бар өнерлерін салып, ардагерлерге тағзым етті.