«Аңыз адам – Бейсен Құранбек» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2023

«Аңыз адам – Бейсен Құранбек»

07.04.2023 жылы 7 «А» сыныбында «Аңыз адам – Бейсен Құранбек» жобасы бойынша сынып жетекшісі Г.Қ.Суанбаеваның ұйымдастыруымен «Жылы жүректің иесі» тақырыбында тағылым сабағы өтілді.
Тағылым сабағының мақсаты:  Аңыз адам Бейсен Құранбектің өнегелі өмірі мен халқына жасаған өлшеусіз игі істерін дәріптеу, оның азаматтық, адамгершілік биік тұлғасын, кісілік келбетін тереңірек танып-білу, үлгі ету.
Оқушылар «Ой шақыру» кезеңінде ЖҮРЕК сөзіне кластер жасап, «Ақымақтың ақылы білегінде, Ақылдының ақылы – жүрегінде» мақалының мәнін ашты. «Мағынаны тану» кезеңінде Бейсен Құранбектің өмірбаянымен танысып, ол туралы кеңірек мағлұмат алды.  Сабақ барысында «Қаракет» бағдарламасын үзінді көрсетіліп, сол бейнебаян бойынша ойлары сұралды. Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, бағдарламаның қоғам үшін маңыздылығына,  Бейсен Құранбектің жүргізушілік қырына, жалпы адами болмысына тоқталды.  Келесі кезекте жүркешелердің ішіне жазылған Б.Құранбектің қанатты сөздерін оқып, оларға талдау жасап, құнды ойларын түйіндеді. «Ой-толғаныс» кезеңінде «Ойды жалғастыр» тапсырмасын орындады және «Үш көмекші: бас, қол, жүрек» атты рефлексия жасады. Оқушылар ақ параққа бас, қол, жүректің сұлбасын салып, Бейсеннің бойындағы қасиеттерді топтастырып, оның жылы жүректің және терең ақылдың иесі, нағыз халық қамқоршысы екенін дәлелдеп, постер қорғады.