ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2023

ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


ПЕДАГОГТІК БОС ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) 

УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС 


  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-1 бірлік (орыс сыныптарына, уақытша),
  2. тарих пәнінің мұғалімі-1 бірлік (орыс сыныптарына, уақытша),
  3. физика пәнінің мұғалімі-1 бірлік (орыс сыныптарына, уақытша),
  4. мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі-1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты)

Конкурс: "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өтеді.

Конкурстың өткізілетін күні: 

29.09.2023 жыл

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:

20.09.2023-28.09.2023 ж

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 

8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru

Қажетті құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады):

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11)  11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

І. Функционалдық міндеттері:

  1. Білім алушылардың жан-жақты дамуын ынталандыру, білім алушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, ата-аналармен (басқа да заңды өкілдермен) өзара байланыс орнату және оларды оқу мен тәрбие процесіне тарту.
  2. Білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

ІІ. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

Физика, тарих пәнінің мұғалімдері-жоғары педагогикалық білімі, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санаттарының болуы, жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

  Қазақ тілі мен әдебиеті, мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдері- жоғары педагогикалық білімі, біліктілік санаттарының болуы, жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

ІІІ. Еңбекақы төлеу мөлшері: 

Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес