29
сентябрь
2023
«Ғаламды ұштастырған үштік»
18-29 қыркүйек аралығында математика, физика, информатика пән бірлестігінің «Ғаламды ұштастырған үштік» атты онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік барысында ашық сабақтар, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. МИФ онкүндігінің жабылу салтанаты «Қарттар күні» мерекесімен тұспа-түс келді, мерекеге орай мектебіміздің ардагер ұстазы Ахметбаева Майгүл Жанахметқызы қадірлі қонақ ретінде шақырылып оқушылардың қошеметіне бөленді.