« Балалар кітапханасына» саяхат жасады » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2024

« Балалар кітапханасына» саяхат жасады

2 сәуір- Халықаралық балалар кітап күніне арнап, мектеп кітапханашы Альманбетова Н.С. 05.04.2024жылдың жұлдызы күні №17 орта мектептің 3 «А» сынып оқушыларымен Талдықорған қаласындағы « Балалар кітапханасына» саяхат жасады.
Кітапхана табалдырығын аттаған кезімізде бізді осы ошақтың мәдениет бөліміндегі кітапханашы құшақ жая қарсы алды. Бірінші бөлімнен бастап кітапхана ішіне саяхат жасатты.
Келген балалар кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен танысты. Алғаш рет осындай балалар кітапханасына келген балаларға бәрі қызықты болып көрінді. Оқушылар көптеген суреттері бар ертегі кітаптар мен анықтамалармен танысып, қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігін білді.
Сонымен қатар оқушыларға қуыршақ театр арқылы «Есте сақта, балақай!» атты қойылым көрсетілді және «Үйішік» ертегісі, «Муха - Цокотуха» ертегісі қойылды. Осы ертегілер арқылы балалар достық пен мейірімділік қандай болу керек екенін түсінді. Соныңда саяхатымыз сергіту сәтімен аяқталды, балалар жақсы әсер алып қайтты.
#zhetysu_bilim_baskarmasy
#zhetysu_bilim
#goronotald_
#goroo_tdk