«Дарын» ғылыми жоба жарыстарының нәтижесі » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2024

«Дарын» ғылыми жоба жарыстарының нәтижесі

2024 жылдың 12 сәуір күні Жетісу облысының дарынды оқушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтілді. Осы іс-шара барысында «Дарын» ғылыми жоба жарыстарына қатынасқан 17 орта мектептің төмендегі оқушылары да жүлделі дипломдармен марапатталды.
11ә-сынып оқушысы Амантай Жанетта «Тіл білімі» секциясы бойынша облыстық кезеңінің ІІ орын жүлдегері,  республикалық кезеңінің  ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: Суанбаева Гульжазира Кидиркожановна.
10ә-сынып оқушылары Ерғали Ерила мен Даниярқызы Рахат «Қолданбалы математика» секциясы бойынша облыстық кезеңінің ІІІ диплом жүлдегері атанды. Жетекшісі: Буланова Асем Даданбековна.
Сондай-ақ ғылыми жобалар жарысында орын алған  оқушыларға бағалы сыйлықтар берілді, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері Амантай Жанеттаға түрлі-түсті теледидар табысталды.